Шартты түрде сотталғандарға жауапкершіліктері түсіндірілді

Маусым айының 15-і мен 25-і күндері аралығында еліміздің аумағында «Шартты түрде сотталған» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Осыған байланысты полиция бөлімімен бірлесіп, жұмыстың күшейтілген түріне көшірілді.

Исатай аудандық пробация қызметінің есебіндегі қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандардың барлығы 37 адам. Пробация қызметі өз тарапынан осындай жазаға тартылғандарды дұрыс тәрбиелік жолға салып, соның нәтижесінде жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу және оны болдырмау мақсатында тыңғылықты жұмыстануда. Қазар қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандармен профилактикалық сұхбаттасу жүргізіліп, тексеріс барысында жазаны өтеу тәртібін бұзбауға, сот жүктеген міндеттерді орындауға, пробация қызметкерлеріне хабарламай тұрақты мекен-жайын өзгертпеуге, алкогольдік ішімдік ішілетін жерлерге бармауға және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған сотталғандарға қатысты тиісті шара қолданылатыны ескертілді.

Сонымен қатар, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталған тұлғалар пробация қызметінің бақылауынан бой тасалаған жағдайда немесе көрсетілген талаптарды қасақана орындамаған жағдайда, сотпен шартты жаза мерзімі ұзартылатыны және жазасының күші жойылып, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатындығы туралы жауапкершіліктері түсіндірілуде.

Аталған шара кезінде сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау, әкімшілік деректер базасына және полиция бөлімшелерінің басқа да есептері бойынша қызметтік тексерістер жүргізілуде.

Сая ӘДІЛЕТҚЫЗЫ,

аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521