Шекаралық аумақта шаруа көбейді

Біле-білгенге шекаралық аймақтарда жүріп-тұрудың да, түрлі іс қылудың да өзіндік ерекше тәртібі бар. 

Ал оның қатаң қадағаланып әрі орындалып отыруы – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Біздің аудан жағдайында бұл, әсіресе, көктемгі-күзгі балық аулау науқандары кезінде тіптен анық сезіледі.

Аудан әкімдігі жанынан құрылған шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің биылғы жұмыс жоспарына сай өткен сәрсенбі күні аталмыш кеңес төрағасы, аудан әкімі М.Мурзиевтың жетекшілік етуімен болған отырысы да негізінен осы мәселені қамтыды. Тиісті бөлімдер басшылары, құрылымдар жетекшілері, балық өндірістік кооперативтері өкілдері шақырылған кеңес отырысының күн тәртібінде «Исатай ауданы әкімдігі жанынан құрылған шекаралық үйлестіру кеңесінің 2018 жылы атқаратын жұмыс жоспарымен таныстыру», «Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің табиғат қорғау саласы бойынша «Бекіре-2018» көктемгі кезең жедел алдын алу іс-шарасына дайындығы және өткізу туралы», «ҰҚК төрағасының №342 бұйрығының талаптарын орындау туралы» және «2016 әскери бөліміне қарас-ты «Забурунье» техникалық бақылау посты орнына шекара заставасы жоспарындағы жаңа модульдік комплексін қою және Маслинский жарты аралына модульдік комплекс типтегі техникалық постыны орнату туралы» мәселелер қаралып, талқыланды.

Қаралған мәселелер бойынша баяндаған аталған кеңес хатшысы, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі басшысы Н.Бозбалиев, аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Ә.Сағындықов, Батыс аймағының әскери прокуроры Ж.Аекенов, 2016 әскери бөлімінің командирі М.Қанабеков жан-жақты түсініктер де беріп, туындаған сауалдарға орай нақты жауаптар қайтарды, қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Кеңес отырысы қорытындысымен аудандық ауыл шаруашылығы, ішкі істер бөлімдеріне тәркіленеген жүзу құралдарын Атырау қаласындағы арнайы тұраққа жеткізу үшін аудан көлемінде орналасқан мекемелерден техникалар бөлуді ұйымдастыру, ауылдық округтер әкімдеріне, Жанбай шекара заставасының 2016 әскери бөліміне, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына теңізде және ішкі суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті, оның ішінде континенттік қайраңның минералды және жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметті жүргізу туралы ауылдық округтерге экономикалық, экологиялық, қорғаныс және өзге де қауіпсіздікке залал келтірмеу үшін бақылауда ұстау тапсырылды. Сондай-ақ теңізде және ішкі суларда шағын көлемді, өздігінен жүзетін және жүзбейтін кемелерді (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын құралдарды есепке алуды жалғастыру, осы бағытта аудандық газет арқылы тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу, жергілікті жерлерде құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу, болдырмау үшін де үгіт-насихат жұмыстарымен тұрақты айналысу міндеттелді. Аудан көлемінде балық аулайтын өндірістік кооперативтер мен ЖШС-тер тарапынан 2016-2017 жылдарға құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде талдау жасау үйлестіру кеңесі хатшылығы мен аудандық ішкі істер бөліміне жүктелді.

Аудан аумағында балық аулаушы «Амангелді», «Ракуша», «Жамбыл», «Құрметті», «Абылайхан» өндірістік кооперативтері басшыларына өз ұжымында құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу, болдырмау мақсатында сабақ-семинарлар өткізуді ұйымдастыру, әкімшілік құқық бұзушылық Кодексі талаптарын ұжымдарында талқылап, түсіндіру, балық аулау маусымына ауылдық округтерде жұмыс-қа тартылатын адамдардың статусын анықтау тапсырылды. Кеңес отырысының күн тәртібіне қойылған төртінші мәселеге байланысты облыс әкімдігіне бюджеттік өтінім дайындау, көмек көрсету тиісті лауазым иелеріне міндеттелді.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521