Шетелдіктер алған үстемақы қазақстандықтарға тимегені несі?

"Теңіз" кен орнында істейтін қазақстандық жұмысшылардың орташа жалақысы – 223 мың теңге екені анықталды.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлімдеді.

«Аталған компанияға қатысты (Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore – Sputnik), оларда орташа жалақы 223 мың теңгені құрайды. Бұл мәліметті бізге жергілікті атқарушы органдар берді» деді Сарбасов Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында. Бұл жайында "Жас қазақ" порталы жазады.

Сондай-ақ онда "Теңіз" кен орнында жұмыс істейтін шетелдік жұмысшылардың айлығы еңбек инспекциясы жүргізген тексерістің қорытындысынан кейін жария етілетіні айтылған.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, "Теңіз" кен орнындағы тексеріс барысында жалақыға қатысты заң бұзушылықтар анықталған.

«Мәселен, бір мамандықты алайық. Шетелдік персоналдың еңбекақысына үстемақы қосылған, ал қазақстандық жұмысшыларда бұл қарастырылмаған. Мұндай заң бұзушылықтар анықталды, жұмыс берушіге жеткізілді, тиісті шаралар қабылданады. Нәтижесін кейін хабарлай аламыз» депті министрдің орынбасары.

Сурет: ашық дереккөзден

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика