Шипажайдан бір сергіп қайттым

Аудандық басылымнан көрген-түйген мен көрсетіліп жатқан қамқорлықтар жайлы да оқып көңіліміздің марқайып қалатыны бар.

Қайырымдылық жасауға жаны құштар, үлкенге көрсеткен құрметі, кішіге деген ізеті көпке үлгі болатын азаматтардың бар екеніне шын қуанып қаламыз. Өзімнің де қолыма қалам алып отырғандағы себебім солардың біріне ризашылығымды білдіру еді.

Жақында облысымыздағы елеулі емдеу-сауықтыру орындарының бірі «Атырау» шипажайында болып, демалып қайттым. Бұған аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Құлғалиеваның септігі тиді. Жалпы ардагерлердің ем алып, демалуына облыстық ардагерлер кеңесі демеушілік жасаған. Соны ауданда ұйымдастырып, ауданнан тізімделген екі ардагердің бірі ретінде қалдырмай, емеліп қайтуыма жағдай жасаған аудандағы ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарып отырған Ботагөз Құлғалиеваға ризашылығым шексіз.

Шипажайда он күн демалдық. Аталған орында келушілерге өте жақсы жағдай жасалған. «Жарылқасаң кәріңді, жарылқаймын бәріңді» демей ме? Осындай қамқорлық жасап жатқан ұйымдастырушыларға үлкеннің батасын алудан басқа бейнет көрмеңдер дегім келеді.

Мырзажан БАЛПАНОВ,

Жанбай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT