Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.
Биылғы 29 мамырынан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Шымкент – Сеул бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.
Ұшулар аптасына екі рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады.
Қазақстан мен Корея арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 8-ден 10-ға дейін артады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.