Шыршаға шығындалмайтын болдық

"Үш жыл қатарынан мұнай астанасының орталық алаңы 2017 жылдың соңында сатып алынған шыршамен безендірілмек" деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ағымдағы жылы Атырауда жаңа жылды атап өту үшін 6 жер анықталды: Исатай-Махамбет және Д.Нұрпейісова атындағы алаңда, Нұрсая және Балықшы ықшам ауданында, М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрымен Құрманғазы мәдениет сарайының алдында орнатылатын болады.

- Қаланың көркін келтіру мақсатында тұрғындар көп шоғырланған жерлерге кіші архитектуралық кескіндер орнатылады. Жалпы, қаланы жаңа жылдық безендіруге жергілікті бюджеттен 18 миллион теңге бөлінді, - деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, биыл жергілікті билік жаңа жылдық шыршаны сатып алудан бас тартты. Үшінші рет, 2017 жылдың соңында алынған жаңа жылдық шырша орталық алаңға орнатылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік шаралар 31 желтоқсанда Исатай-Махамбет алаңында өтеді.Мерекенің басталуы 20.00-ге жоспарланған.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика