Сөйлеу мәдениеті бойынша дәріс алды

Votes

  Мемлекеттік қызмет, Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге құрметпен қарауға міндеттейді.

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік келбеті мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды арттыру мақсатында Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Ақмарал Дауткуловамен «Көпшілік алдында сөз сөйлеу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Департамент қызметкерлеріне көпшілік алдында сөйлеу, тіл мәдениеті бойынша сабақ беріліп, тілдік қорды байыту, шешендік шеберлікті шыңдау тәсілдерін атап өтті. Департамент қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарына жауап алып, қос тарап арасында әсерлі әрі жарасымды пікір алмасу болды.

 

А. Сабырова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT