«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Соңғы көшпенділер» деректі фильмі халықаралық «Türk Dünyası Belgesel Film Festivali» фестивалінде ІІ орын иеленді. Сондай-ақ TRT телеарнасының арнайы сыйлығын еншіледі.
«Qazaqstan» арнасының журналисі Ғабит Бөкенбайдың авторлығымен түсірілген «Соңғы көшпенділер» деректі фильмі Алтайдың күнгейіндегі қазақтардың өмірін бейнелейді. Фильм желісінде бір отбасының тұрмыс-тіршілігі көрсетіледі. Түсірілім жұмыстары қыс, жаз және күз мезгілдерінде Моңғолия даласында түсірілді.
Фильмнің шығармашылық құрамында режиссер Нұрбол Бердімұрат, операторлар Нұрсұлтан Қожахметов пен Самат Бекбатыров, монтаж және түстерді коррекциялау бойынша Арман Сағит, дыбыс режиссері Кенже Мырзаханов бар.
@qazaqstantv

