Сотты құрметтемей, бес тәулікке қамалды

Сотқа құрметтемеушілік білдіргендерге заң талаптарына сай жауапкершілік көзделетінін көпшілік біле бермейді.

Мысалы, аудандық соттың бас маманы-сот отырысының хатшысы Динара Сүлейменованың айтуынша, өткен жылы сот процесінде осындай факті кездескен екен. Оның айтуынша, өткен жылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен 12 адамға қатысты 12 әкімшілік іс қаралған. Сот қорытындысында 6 адам әкімшілік ескерту жазасына, 6 адам әкімшілік қамаққа алу жазасына тартылған. Мысалы, азамат Т. аудандық сотқа өзіне қатысты қаралып жатқан қылмыстық іс бо- йынша сот отырысына тиісті түрде шақыртыла тұра, сотқа дәлелді себептерсіз келмеген және тағайындалған сот отырысына масаң күйінде келіп, сотты құрметтемеушілік білдіретін әрекеттер жасаған. Сот құқық бұзушы Т-ға әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен оны кінәлі деп танып, бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындаған.

Аяпберген Салихов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521