Түрлі байқауларға қатысып, нәтиже көрсету Райхан апайымның берген білімінің нәтижесі деп білемін.
Ал, Айсауле апайым тарих пәнінен білімімді шыңдауға ғана емес, мектеп уақытынан бастап дебат саласынан жетістіктерге жетуіме себепші болса, Назгүл Серікқызы маған кез-келген жағдайға жаңаша көзқараспен қарау керектігін үйретті. Назгүл апайдың әрбір бастамасына қарап, үнемі ізденісте жүру керектігін түсіндім. Осындай талғамы мен құндылығы биік ұстаздардың шәкірті болғаныма қуанамын. Олардың қолдауымен облыстық, республикалық байқауларда жеңіске жеттім. Иә, ұстаздарымның өз мамандығын қалай жақсы көріп, қалай атқаратынын күнделікті сабақтарынан көріп жүрмін. Мен де солардың ізін басқым келеді. Яғни өзімнің болашақ мамандығымды қателеспей таңдадым деп есептеймін.
Анелла НАБИДЕН,
редакция жанындағы “Қауырсын қалам”үйірмесінің мүшесі,
Есбол ауылы