Ағымдағы жылдың 10 қыркүйек күні Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Мұнай және кен өндіру, Мұнай өңдеу және тасымалдау, биология, химия, энергетика мамандықтарының студенттерінің қатысуымен жалпыұлттық Референдумдағы маңызды мәселелердің бірі Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты дәрісі өтті.
Аталған дәрісте АЭС маңызы, қауіпсіздігі, электр қуатының еліміздегі экономикаға берер пайдасы туралы сөз қозғалды. "Дамыған елдердің қатарына қосылу үшін уран өндірудің тәсілдерін білу бізге маңызды",-деп топшылады студенттер. "АЭС қай жерлерде салынады?", "Сулы жерлерде орналысуы міндетті ме?", "Уран қалдықтарының табиғатқа зияны қаншалықты?",- деген сұрақтарды болашақ мұнай өндіру саласының мамандары ортаға салды. Қорытындылай келе, Референдумға қатысуға ниетті студенттер бар екеніне көз жеткіздік.