Судан сақтаныңыз

Міне, жаз айлары да келіп, суға шомылу маусымы басталды. Оқушылар жазғы демалысқа шығысымен көлде (өзекте) демалуға асығады.

Ал енді осы орайда балалар түрлі қауіпсіздік шараларын ескергені жөн. Осы жерде айта кетеріміз, су тек қуаныш әкелмейді, белгілі бір сақтандыру шараларын ұстамасаңыз, қайғы да әкелуі мүмкін. Сондықтан суға түсуді дұрыс ұйымдастырып, судағы тәртіпті және қауіпсіздік шараларын сақтағанда ғана барлығы ойдағыдай болмақ, сол үшін төмендегі талаптарды сақтауыңызды сұраймыз.

- Өзіңізге таныс емес жерлерге суға түсуге;

- Ағысы қатты, иірімді өзектерге, көпір маңына шомылуға;

- Су бетіндегі моторлы қайыққа, катерге қарай жүзуге, суңгуге болмайды Мұндай жағдайлар, өкінішке орай кездесіп қалуы мүмкін. Егер суға түсу кезінде қол-аяғыңыз тартылса, бірден айқайлап, маңайындағыларды көмекке шақырыңыз, сондай-ақ жағажайда күнге қыздырынып, бірден шомылуға да болмайды, жайлап денеңізді сулап барып, суға түсіңіз, егер зардап шегушіні байқасаңыз, оған жәрдем жасауға ұмтылыңыз. Жаз мезгілі кезінде, демалыс уақыттарында жалпы абай болуларыңызды ескертуді жөн көрдік.

Райымбек САҒЫНДЫҚОВ,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері,

азаматтық қорғау капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521