Сүрінген жандарға сүйеу боламыз

«100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарындағы басты тапсырмаларының бірі – бас бостандығынан айыру орнынан босатылған әрбір сотталған адамға қоғамда өз орнын табуға көмектесу.

Байқаусызда сүрінген жандар болса, оларды түзеу мекемесіне отырғызбай, қайта тәрбиеленуіне мүмкіндік беріп, әлеуметтік мәселелері болса шешуге ықпал жасау.

Осы мақсатта Атырау облысының «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен Исатай ауданында «Жеті ағаш» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзелу жолына түсіру, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, шартты түрде сотталғандардың жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдік және құқықтық нормаларды сақтауы, олардың қайта қылмыс жасауларына жол бермеу. Негізгі бағыт – білім алуына, кәсіп түрлерін игеруіне, жұмысқа орналасуына, емделуіне және құқықтық кеңестермен қамтамасыз етілуіне көмек көрсету. Ал жобаның міндеті – бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты жазаға босаған сотталушыны бақылап және тексеріп қана қоймай, оған еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына жәрдем беру.

Бұл жоба тура жолдан адасып, жазалы болған азаматтарға деген ізгі ниетке, қамқорлыққа толы. Олардың түзеліп, қоғамның толыққанды бір мүшесіне айналады деген берік сенім бар. Сотталушының кінәсі қанша жерден ауыр болса да, ол мемлекетіміздің азаматы деген аттан айырылмайды. Пробациялық бақылау – істі болғандардан өш алу мақсатында емес, керісінше оларды тәрбиелеу үшін қолданылатын қызмет.

prob

Ауданымызда «Жеті ағаш» жобасы аясында «Тағы бір күн – тағы бір мүмкіндік» тақырыбындағы әлеуметтік-психологиялық тренингтер, құқықтық кеңестер беру шарасы өткізілді. Аталған шараға аудан тұрғындары мен пробация есебінде тұрған тұлғалар, аудандық пробация қызметі тобының инспекторы С.Әділетқызы, теолог мамандар, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатынасты.

Шараны жоба жетекшісі, осы жолдардың авторы А.Еспағанбетова ашып, мотивациялық алаң бойынша тренинг жүргізді. Жоба психологі Г.Хисимова "Бір үзік ой...", "Жаңбыр адам қолымен" тренингтерін ұйымдастырып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ал "Шапағат" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теолог маманы Н.Хаван пробация есебіндегі тұлғалармен ашық сұхбаттасып, түрлі сауалдарға жауап берді. Жоба үйлестірушісі Н.Көбеева болса, "Электронды EGOV желісін тиімді пайдалану жолдарымен" таныстырды. Бұдан әрі жоба үйлестірушісі А.Бахитованың дайындаған концерттік шарасын тамашалаған қонақтар бір демалып қалды.

Шараның екінші бөлімінде пробация есебінде тұрған тұлғаларға шахмат ойындарынан сайыс ұйымдастырылған еді. Қызықты да тартысты өткен жарысқа спорт жанашыры Ерболат Насимуллин төрелік етіп, жеңімпаздар дипломдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Алмагүл ЕСПАҒАНБЕТОВА,

«Жеті ағаш» жобасының жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521