Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның, қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына жүйелі қауіпті білдіреді, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының жағымсыз имиджін жасай отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі жасайды.
Сыбайлас жемқорлық сыбайлас жемқор және адал (жергілікті немесе шетелдік) кәсіпкерлерді алдын ала теңсіздік жағдайына қоя отырып, сыртқы және ішкі нарықтардағы бәсекелестікке нұсқан келтіріп, ұлттық экономикаға жағымсыз әсер етеді.
Сыбайлас жемқорлық жөніндегі тәуелсіз сарапшылар қауымдастығының бағалауы бойынша ол Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің құнын 50%-га дерлік көтереді, бұдан елдің барлық халқы зиян шегеді.
Сыбайлас жемқорлық бизнес жүргізудің экономикалық және қаржылық ортасын бұрмалайды, мемлекеттік басқару мен бизнестің тиімділігін, инвестицияларға ынталарын төмендетеді, экономикалық және саяси дамуды тежейді, әлеуметтік теңсіздікті туындатады, сондай-ақ саяси үдеріске белгілі бір тұрақсыздықты енгізеді.
Мысалы, өткен ғасырдың 80-ші жылдарының басында экономиканы епсіз басқарумен ұштасқан сыбайлас жемқорлық Венесуэла сияқты мұнайға бай елді төлем қабілетсіздігіне әкелді. Демократиялық және демократиялық емес институттары бар бай елдер де, кедей елдер де сыбайлас жемқорлыққа бейім болады.
Сыбайлас жемқорлықтың Жапония үкіметінде болған өзгерістерде, Италияның саяси жүйесін қайта ұйымдастыруда, Заирдағы үкіметтік биліктің, заңның және тәртіптің коллапсында түйінді рөл атқарғаны белгілі.
Осылайша, сыбайлас жемқорлықтың қазіргі қоғамға әсері экономикалық шектен шығады. Сыбайлас жемқорлық экономика мен қоғамның әртүрлі салаларына ене отырып, елдің тұрақты саяси-экономикалық дамуына ыдыратушы әсер етеді, сондықтан оның ұлттық қауіпсіздігіне елеулі қауіп болып қала береді.
Елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ел алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың белсенді саясатын жалғастыру міндеті тұр.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен ғана қарсы тұру сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша төмендетуге мүмкіндік бермейтіндіктен, бұл жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік даму бойынша елде жүргізіліп жатқан қайта құруларды тежейді.
Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстанның мемлекеттік саясатының аса маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат елдегі әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықты күшейтуге, азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін жалпы қылмыстық көріністерден қорғау деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Бұрын іске асырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламаларының нәтижелері сыбайлас жемқорлықтың одан әрі дамуына кедергі жасайтын пәрменді жағдайларды қалыптастыру бойынша барлық мемлекет пен қоғамның дәйекті жүйелі жұмысын одан әрі жүргізудің мақсаттылығы мен қажеттілігін көрсетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы жарлығында мақсат қойылған.
Қуаныш ТАХАЕВ,
Исатай ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
Салықтық бақылау және өндіру бөлімінің бас маманы