СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ҚОҒАМДЫҚ МІНДЕТ

Сурет ғаламтордан

 

Сыбайлас жемқорлық – қоғам мен мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін теріс құбылыс. Бұл кеселге қарсы күрес – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қоғамның ортақ міндеті.

Исатай аудандық қазынашылық басқармасы да өз жұмысында адалдық, ашықтық, есептілік және заң үстемдігі қағидаттарын берік ұстанып келеді. Басқарманың басты міндеті – мемлекеттік бюджетті тиімді басқару және қаржы тәртібін қамтамасыз ету. Осы орайда, басқарма сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында бірқатар нақты шаралар қабылдауда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы негізгі жұмыстар:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл басқарма қызметінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ алдын алу шараларын уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Қызметкерлер адалдық және этика бойынша тоқсан сайын сауалнамадан өтеді. Басқармада сенім телефоны қойылған. Бұл арналар арқылы азаматтар мен қызметкерлер анонимді түрде өз ұсыныстары мен шағымдарын қалдыра алады.

Мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, адалдық мәдениетін нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа деген нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған көрнекілік құралдар ілінген. Әрбір қызметкердің жеке адалдығы мен жауапкершілігі мемлекеттік қызметтің сапасын айқындайтыны сөзсіз.

Қорытындылай келе, Исатай аудандық қазынашылық басқармасы өз қызметінде заң талаптарын бұлжытпай орындап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ымырасыз ұстаным ұстанады. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Ел ертеңі – әділетті қоғам мен сенімді басқаруға негізделген.

 

 

 

Мырзағали Мирас

Аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT