Сыбайластық - сыйластық емес

Фото: интернеттен

Еліміздің озық мемлекеттердің деңгейіне жеткізуді көздейтін мақсатты жолдағы басты кедергілердің бірі- сыбайлас жемқорлық. Осы орайда мемлекет тарапынан жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар біртіндеп іске асырылуда.

Әрине, сыбайлас жемқорлық әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде дамыған мемлекеттерде де орын алып жатады. Десек те, бұл індет экономиканың бәсекеге қабілеттілігін барынша тежейтіні белгілі. Бұлардың ішінде ең сорақысы азаматтардың билікке деген сенімін төмендетіп, сол арқылы мемлекеттке қауіп төндіреді.

Міне, осы орайда ең алдымен қарапайым халықтың мүддесін ойлау керек. Ал халықтың жанына бататыны күнделікті өмірде белең алып отырған, яғни халық арасында жиі кезігетін жемқорлық. Кейде халықтың мәселелері өз дәрежесінде шешілмеуінен, оларды жеңіл жолмен шешуге мәжбүрлейтінімізді, жемқорлыққа итермелейтінімізді аңғара бермейтінімізде рас. Сондықтан ең бірінші кезекте адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрі еш кедергісіз жүзеге асырылуы қамтамасыз етілуі қажет.

Демек, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңда қарастырылғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүйесінің негізі, әрине алдымен халықтың өмірін жақсартуды көздейтін шаралар мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз іс-қимыл болып табылады. Ендеше, тұрмысымызды, жай-күйімізді жақсарту үшін қолға алынған оң істерді атқаруда кері әсерін беретін кемшіліктермен күрес тоқтамауы керек. Сол себептен осы кеселге жол бермеуге бәріміздің атсалысқанымыз абзал.

 

Аудандық қазынашылық басқармасының

басшысы Ж.Т. Сюнгалиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT