Түнді көшеде емес, музейде өткіздік

Өткен аптада «18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне» орай аудандық И.Тайманұлы және Х.Ерғалиев атындағы ауылдық музейлері «Музей түні» мерекелік шарасын өткізді.

Музей - ғылыми мәдени-білім беру ордасы ғана емес, мәдени-көпшілік орын екендігі баршаға аян. Еліміздің тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер көрініс тапқан шараны музей меңгерушісі Г.Алагузова сөз сөйлеп ашты. Музей ішінде тұрғындарға саяхат жүргізілді. Сонымен қатар, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің технология және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі А.Нұранова «Бисер тоқу» шеберлік сағатын өткізіп, мектеп оқушыларына «Ойлан, тап» логикалық ойыны ойнатылды. Музей алаңында «Көже пати», «Қамажай» би тобының Қазақ биі, флешмоб, А.Баташевтың орындауында «Сен туралы» әндері орындалып, «Өз қуанышыңмен бөліс» тақырыбындағы тасжолға сурет салу байқауына қатысқан бүлдіршіндер сыйлықтарға ие болды. «Біз отбасымызбен біргеміз» отбасылық толағай сайысына аудандық спорт бөлімінен төрелік еткен Д.Қадіржан, А.Лесов, Н.Абдеш, А.Ғалымұлының шешімімен, І дәрежелі «Бүркіт», ІІ дәрежелі «Мейрамбек», ІІІ дәрежелі «Аралас» командалары медальдар, дипломдар, сыйлықтармен марапатталды.

Әйгерім ҚҰБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521