Тәртіп сақшысына да талап күшейеді

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты соңғы Жолдауы аты айтып тұрғандай, ел халқының тұрмысы мен өмір сүру салтын жақсартуға арналған кезекті маңызды құжаттың бірі болды.

Халықтың қажеті үшін біраз мәселелер қозғалған Жолдауда құқық қорғау саласына да көптеген міндеттер қойылды.

Мемлекеттің мығымдығы, бірліктің беріктігі үшін ең алдымен ол елде тәртіп болуы тиіс, әрине. Ал, әр азаматтың құқығын қорғап, олардың тәуелсіз елімізде алаңсыз ғұмыр кешуіне тәртіп сақшыларының қосып жатқан үлестері аз емес. Бұл жайында Жолдауда сөз еткен Ел Президенті қауіпсіздіктің тұрмыс сапасының ажырамас бөлігі екендігін айта келе, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қылмыспен күресте «алдыңғы шепте» жүретіндігін, олардың көбіне-көп өз басын қатерге тігіп, азаматтарды қорғайтындығын атап еді.

«Сонымен қатар, қоғам құқық қорғау органдарының, ең алдымен, полиция жұмысының түбегейлі жақсаруын күтіп отыр» деген Елбасы Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырған болатын.

Осылайша, Жолдауда биылдан бастап құқық қорғау органдары жұмысын жаңғырту бағдарламасы басталатыны жарияланды. Бұл - қарапайым тілмен айтқанда, полиция қызметкерлері енді қажетсіз функциялардан арылып, жалақысы көбейеді деген сөз. Аталған бастама - тәртіп сақшылары үшін ғана емес, қарапайым халық үшін де құптарлық жаңалық. Олай дейтініміз, сақшылардың жұмысы біршама жеңілдеп, тек қоғамдық тәртіпті сақтаумен ғана айналыспақ. Ал, бұл сала қызметкерлерінің жұмыс сапасын арттыруға ықпал ететінін ескерсек, көпшіліктің полицияға деген сенімі де нығая түсері сөзсіз.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында құқық қорғау саласында оңтайландыру шараларын жүргізуді жүктеп келеді. Бұл жолы Президент биылдан бастап құқық қорғау органдары жұмысын жаңғырту бағдарламасы басталатынын айтқан. Соның аясында ішкі істер органдарының штаттық құрамы оңтайландырылады.

Жолдауда Елбасымыз: «Азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік орнығуы керек» деген болатын. Ендеше, біз ел тыныштығына мүдделі жауапты сала сарбаздары ретінде Елбасы жүктеген міндетті абыроймен атқаруға тырысамыз.

Әлібек САҒЫНДЫҚОВ,

аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары,

полиция майоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521