Атырау облысы Білім беру басқармасының «Абай» оқушылар орталығында Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында экология–биология бағыты бойынша экологиялық тәрбиені насихаттауға арналған көгалдандыру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, табиғатты қорғауға ынталандыру және қоршаған ортаға жанашырлық құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара аясында «Табиғат – балалар көзімен» тақырыбында оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан сурет көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы туралы бейнепрезентация көрсетілді. «Жасыл аймақ» жобасы шеңберінде микрокөкөністерді бөлме жағдайында өсіру және бөлме өсімдіктерін көбейту жұмыстары жүргізілді.
Шараға қатысушы оқушылар үйірме жетекшілері Сапура Утенова мен Эльвира Касанованың басшылығымен дақылдар мен гүл тұқымдарын контейнерлерге егіп, экология–биология бағытындағы үйірме жұмыстарына белсенді үлес қосты.
Іс-шара соңында қатысушылар орталық атынан арнайы дипломдармен марапатталып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың экологиялық санасын арттыруға және табиғатты аялауға бағытталған маңызды қадам.


