banner_damu

Табиғи ортаға жіберілетін 7 миллион шабақтың көп бөлігі қойылмалы торға түсіп, өліп кетіп жатыр

​ «Атырауға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов келіп, балық саласы мамандарымен кездесті» деп хабарлайды Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.                               

​Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы, сала мамандары ​ қатысты.                                

​Баяндамашыларды тыңдай келе, алыстан ат арытып жеткен комитет өкілі жергілікті жердегі ерекшеліктер мен әлеуметтік-экономикалық жағдайды жоғары орындарға жеткізуге уәде берді. Әйтсе де, қойылмалы торды қолдануға тыйым салу жөнінде бұйрық қабылданып қойғанын және оны өзгертуге еш негіз жоқ екенін ескертті.

​– Су маржандары жыл өткен сайын азаймаса, көбейіп жатқан жоқ. Балық қорын болашақ ұрпаққа сақтап қалу үшін осындай мораторий енгізуге мәжбүрміз. Алайда, мәселенің мән-жайын түсінбейтіндер де бар. Мәселен, Атырауда Балық шаруашылығы қауымдастығы мұндай тыйымның тиімсіз екенін алға тартып отыр. Себебі, балық аулаудың басқа құралдарын алуға уақыт керек дейді. Екіншіден, тордан басқа құралмен аулай білетін балықшы тапшы екенін айтады. Жиында келтірілген барлық деректерді мен міндетті түрде министрлікке жеткіземін. Ал, әзірге заңға сай жұмысты жалғастырған жөн, - деді Аян Бахиянов.

​Расымен де, қазір балықты аулаудан гөрі оны өсіріп, көбейтуге көп көңіл бөлінуде. Балық өсіріп, тұқымын таратамын дейтін азаматтар болса, мемлекет қолдауға дайын. Мұны Атырау облыстық Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы да айрықша атап өтті.     

​«Балықтардың популяциясы жойылудың алдында тұр. Егер қойылмалы тор ​ пайдалануды доғармасақ, бағалы бекірені былай қойғанда, қарапайым қара балықтан да айырылып қалуымыз мүмкін. Ал, бекіренің жағдайы тіптен қиын. Атырауда жыл сайын 7 миллион бекіре шабағы өзінің табиғи ортасына жіберіледі. Солардың көбісі торға шырмалып, теңізге жетпей өліп кетеді. Осыдан кейін балық шаруашылығын қалай дамытамыз? Балық жүретін жолды торлап тастасақ, ол қалай өсіп-өнеді?! Сондықтан, мұндай мораторий дер кезінде енгізіліп отыр» дейді басқарма басшысы.

​Қойылмалы торлар Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының да жұмысына кері әсерін тигізіп отыр. Аталған құрылым басшысы Нұрлыбек Гайсин теңіз бен өзенді тордан тазалауда қиындықтар барын айтты. ​

​– Демалыс дегеннің не екенін ұмыттық. Қойылмалы торды құрған адам балығын алады да тайып тұрады. Ал, артын жинап жатқан ешкім жоқ. Егер торға шырмалған тіршілік иесін дер кезінде шығарып алмаса, келесі күнге жетпей өліп кетеді. Қолында балық аулауға рұқсат қағазы бар адамға тыйым сала алмаймыз. Тіпті, өз торларын «менікі емес» деп міз қақпастан мойындамайтындары қаншама?! Жыл басынан бері заңсыз құрылған 5 мыңнан астам тор тәркіленді. Солардың жалпы құны 40 млн теңгеден асып жығылады, - дейді ол.

Қытай мен Ресейде жасалатын балық аулау құралдары шекарадан құрылыс материалдары ретінде өтіп жатыр. Міне, осы олқылықтың орнын толтыру үшін кеденшілерден толыққанды тексеріс енгізу жөнінде ұсыныс-хат та жолданған.

​«Бүгінде балық өсіруші кәсіпкерге кеткен шығынның өтемі ретінде мемлекеттен 30 пайызға дейін субсидия бөлінуде. Бұрын бұл тізімде бекіре, ​ албырт балықтары ғана болса, қазір араван, цихлид, лат, шаян тәрізділермен толыққан. Мемлекет балық шабақтары мен оларды емдеуге арналған дәрілік препараттарды сатып алуға және аталық-аналық балықтарды күтіп-ұстауға кеткен шығынды 50 пайызға дейін субсидиялайды. Тиісті құжаттарын тапсырған шаруашылық субектісінің өтініші бес жұмыс күні ішінде қаралады» деп түйіндеді сөзін Аян Бахиянов.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика