Ауғанстанның орталығындағы Газни провинциясында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.
Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды. Алдын ала дерек бойынша, ұшақта 83 адам болған.
Провинция губернаторының өкілі Ареф Наори Азаттықтың Ауған қызметіне ұшақтың 27 қаңтар жергілікті уақыт бойынша 13.10-да апатқа ұшырағанын айтқан.
Қаза тапқандар мен аман қалғандар жайлы да ақпарат түскен жоқ.
«Адамдарымыз ұшақ апатқа ұшырған аймаққа баруға тырысып жатыр. Бірақ ол жер алыс және біздің әскерилердің ол аймаққа кіруге рұқсаты жоқ» деді Наори.