Тал түсте зейнеткерді тонаған екеу ұсталды

Тал түсте Атырау қаласы, "Тұрғындар қалашығы" ықшамауданындағы үйдің пәтерлерінің бірінің есік қоңырауын соғып, ішке енеді.

Есігін ашқан 71 жастағы зейнеткерге күш көрсетіп, ақша, ұялы және радиотелефонын, алтын алқасы мен сырғасын алып, оқиға орнынан бой тасалап қашып кеткен. Аталған қылмысты жедел ашу мақсатында Полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиевтың бұйрығымен тәжірибелі қызметкерлерден арнайы тергеу жедел тобы құрылды.

"Іздестіру шараларымен ұзамай күдіктілер анықталып, ұсталды" деп хабарлады облыс полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Тексеру барысында, азаматшаға 479 000 теңге залал келтірілгені, сонымен қатар, күдіктілердің біреуі бұрын ұрлық қылмысы үшін сотталғаны анықталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 191 бабы 3 бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT