Таланттар танылған күн

Дүйсенбі күні аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қолға алынған "Танылмаған талант" жобасының аудандық іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.

Ауданда тұңғыш рет өткізілген бұл жобаға бұрын-соңды сахнаға шықпаған жастар қатысты.

Аудандық «Жалын» мәдениет үйінде өткен жобаның ақтық сынына өңірдегі әртүрлі өнер иелерінен тұратын құрам қазылық етті. 2 сағатқа созылған тартысты жоба әділқазылар шешімімен өз үздіктерін анықтады. Олар жаңа есімдер тұщықұдықтық Латиф Айтқабыл "Үздік күйші", Ұлмерек Нұржанова "Үздік термеші", Диана Дәуренқызы "Үздік биші", Мажит Бейсенбек "Үздік заманауи өнер түрі" (Битбокс), Нарын ауылдық округінен келген Ұлдана Болатқалиқызы "Үздік әнші", қамысқалалық Дидар Жеткінов "Үздік жазба ақын", аталымдарына ие болып, өзі таңдаған өнердің аудан бойынша жеңімпазы болып танылды. Сондай-ақ, "Үздік аспапта ойнау" бағыты бойынша жетіген аспабында шебер ойнаған Х.Ерғалиев ауылының өнерпазы Ақтілек Дәулетова жеңіске жетсе, "Үздік көркем сөз оқушы" номинациясы бойынша Жанбай ауылынан келген Мұсағали Айдананың алдына ешкім түсе алмады.

Жоба соңында сөз сөйлеген орталық басшысы Гауһар Талғатқызы барлық қатысушыларға ризашылық білдіріп, естелік сыйлықтар, дипломдар мен Алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, аудан сахнасының сәні болып жүрген жас әнші мен күйші Айдар Бекетов пен Оспан Жанарысқа да орталық атынан Алғыс хаттар ұсынды.

Серікбол Панабердиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521