Тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін қалай анықтаймыз?

фото ғаламтордан

 

 Тауарлардың сапасы және тауар сапасын анықтау:

-талдау және өлшеу құралдарына  байланысты сапа көрсеткіштерін органолептикалық,аспап, құрад-жабдықтар көмегімен (лабораториялық)  сонымен қатар эксперттік ,өлшеу,тіркеу,есептеу,әлеументтік тәсілдірімен анықтайды.
-Орналептикалық әдіс-өнімдердің сапа көрсеткіштерін  сезім мүшелерімен көру негізінде анықтау әдісі.Органолептикалық әдістің артықшылығы сапа көрсеткіштерінің жеткілікті және тез анықтаулы,сонымен қатар қымбат құрал-жабдықтардың  етпеуі ,ал кемшілігіне  дәлділігінің   төмендегі жатады.Лабораториялық әдістің артықшылығы нәтижелердің дәлддігі болып табылады.                                                                                                                                                           -Физикалық әдіс көмегімен  тығыздық,меншікті салмақ,қайнау,қату,балқу температуралары,тұтқырлық анықталады.
-Химиялық әдістер тамақ өнімдеріндегі әртүрлі заттарды,олардың қасиетін,өнімнің химиялық құрамын анықтауға мүмкіндік  береді.Биохимиялық әдістер жемістер мен жидектердің тыныс алу  интинсивтілігіне қоланылады.
-Физиологиялық  әдістер өнімнің сапа көрсеткіштерін эксперттермен шешім қабылдау кезінде анықтау әдісі.Тиісті  сападағы өнім-оның  сапасы барлық қажетті параметрлерге сәйкес  келеді және  кемшіліктері  жоқ,

Тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігі бойынша   қойылатын  талаптар:
* Өнімдерінің атауы;
* Өнімге қатысты құрамы,  өнімнің мөлшері,  өнімнің жасалған күні,  өнімнің жарамдылық мерзімі туралы мәліметтер;
* Дайындаушының сауда белгісі;
* Өнімді дайындаушының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ осы Кеден Одағы Техникалық регламентінде белгіленген жағдайларда дайындаушының уәкілетті тұлғасының атауы мен орналасқан жері, импорттаушы-ұйымның атауы мен орналасқан жері;
* Тауардың негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, өнімнің биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер және белгілі бір аурулар кезіндегі қарсы көрсетімдер туралы мәліметтер;
* Өнімнің тағамдық құндылығының көрсеткіштері;
* Тауар массасының шамасы, көлемі, саны;
* Өнімдерде генетикалық түрлендірілген ағзаларды қолданып алынған құрауыштардың бар-жоқтығы туралы деректер (өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар болған жағдайда ГТА деп көрсетіледі);
* Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнімдердің айналуының (ЕАС) бірыңғай белгісі болуы тиіс;
* Өнім таңбалау мемлекеттік және орыс тілінде  болуы қажет.
* Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары мен сертификаттары болуы тиіс.
* Өнімді тасымалдау және сақтау шарттары сақталуы тиіс.

Жоғары аталған мәліметтерді қаперге ала отырып, Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті облыс  аумағындағы сатушыларға өнімдерді сату барысында Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын қатаң сақтауға, яғни өнімдердің мемлекеттік тілде заттаңбасы болуын, сақтау шартын, жарамдылық уақытын қадағалауға,  ал тұтынушыларды өнімдерді сатып алу барысында аталған ережелерді басшылыққа алып, өнімнің заттаңбасына мән беріп, қауіпсіз өнім таңдауға шақырады.


 
 Гүлжамал Джубанышева,
Техникалық регламенттердің талаптарын бақылау бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT