«Таза Қазақстан»: 10 мың түп шренк шыршасы егілді

 

Жолдауында айтылған мемлекеттік орман қорына 2 миллиард ағаш отырғызу тапсырмасын орындау мақсатында мекеменің базалық және уақытша тұқымбағынан Бақанас, Нарынқол, Кеген аудандарына отырғызу үшін 325,5 мың Шренк шыршасының 4 жылдық екпе көшеттері берілген.

 

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, жалпыхалықтық ағаш егу күніне аудан, облыс көлеміне 1000 түп тоң топырағымен әр түрлі топтағы ағашпен қамтамасыз еткен. Бұл ағаштардың басым бөлігі бүгін Кеген ауданында өткен «Бүкілқазақстандық ағаш егу күні» акциясында егілді.

 

Кеген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі 2025 жылы орманды молықтыру бойынша таулы аймаққа 20 гектар жерге 80,0 мың дана, 22 га жерге толықтыру жұмыстарына 25,0 мың дана Шренк шыршасының көшетін отырғызуды жоспарлап отыр. Көгалдандыру плантациясына 3,0 га жерге 30,0 мың дана Шренк шыршасының көшеттері отырғызылып, 0,6 га жерге тұқымы себілмекші. Қазіргі кезде 3,0 гектар жерде 2 млн 970 мың 600 екпе көшеттері күтіп бапталуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT