«Таза Қазақстан» акциясы – жергілікті экологиялық мәдениетті арттыру жолында

 

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы елімізде жалпыұлттық сипат алып, өлкеміздің экологиялық жағдайының дамуына тың серпін беруде. Акция аясында аудан тұрғындарын тазалыққа шақырып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Осы мақсатта аудандық жастар ресурстық орталығы жаңа бастаманы қолға алды. Жастарды қоршаған ортаны қорғауға тарту және туған жердің табиғатын аялауға үйрету мақсатында «Эко-анимация» атты ерекше форматтағы конкурс жарияланды.

Байқау шарттары бойынша қатысушылар өздері жүргізген тазалық жұмыстарын – аула, саябақ, көшелер және басқа да қоғамдық орындардағы көріністерді – фото немесе видео түрінде түсіріп, оны анимациялық форматқа айналдырып жастар орталығына жіберуі қажет. Осылайша, байқау қатысушылары өз еңбектерін шығармашылық жолмен көрсетіп, экологиялық мәдениетті насихаттай алады.

Конкурс барысында ең үздік жұмыстар арнайы бағаланып, жеңімпаздар құнды сыйлықтармен және дипломдармен марапатталатын болады. 
Бұл бастама жастарды белсенділікке шақырып қана қоймай, ауданымыздың табиғатын қорғауға арналған үлкен қадам болып отыр.

МТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT