Алға ауылында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл аумағын көгалдандыру, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғауға қоғамның назарын аудару.
Акция барысында ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері аумақты абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысып, түрлі жеміс және сәндік ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл бастама Алғаның жасыл келбетін арттырып қана қоймай, болашақ ұрпаққа экологиялық таза орта қалыптастыруға бағытталған.
«Бір түп тал – бір тамшы өмір» деген ұстанымды негізге алған акция ауылдың экологиялық жағдайын жақсартуға және табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақыруды көздейді.
Таза әрі жасыл ауыл – баршамыздың ортақ игілігіміз.
Алға ауылдық округі әкімі аппараты

