Жақында аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен Таза Қазақстан акциясы аясында «Мақат жастары» еріктілері қоғамға қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетті.
Кенттің адам көп жүретін аумақтарын қардан тазалау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, тұрғындардың қауіпсіз әрі еркін жүріп-тұруына жағдай жасады.
Бұл шара тек қана көше тазалығын қамтамасыз етумен ғана емес, жастардың бірлігі пен жауапкершілікке толы рухының, қоғамға деген ыстық ықыласының көрінісі болды.
Ерікті жастардың бұл бастамасы кентіміздің таза әрі жайлы ортасын қамтамасыз етіп, белсенділіктің жарқын үлгісіне айналды. Алдағы уақытта да осындай игі істер жалғасын табатын болады.
Ботакөз Қасымова,
Мақат аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы


