Теңгенің ауысатыны рас па? Мамандар не дейді?

«Тамызда теңге ауысады. Оның жаңа атауы «алтын» екен. Жаңа валюта ауысқан уақытта теңгенің құны болмай қалады. Ақшаңыздың құнсыздануын қаламасаңыз, теңгеңізді долларға алмастырыңыз».

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде, сондай-ақ WhatsApp және басқа да мессенджерлер арқылы осындай қауесет таратылуда. Аудиохабардағы белгісіз дауыс кезекті рет қазақстандықтарды шұғыл тәртіппен жинақ ақшасын долларға айырбастауға немесе автомашиналарды, пәтерлерді және т.б. сатып алуға жаңа қарыздарды ресімдеуге шақыруда.

«Ұлттық Банк бұл ақпараттың экономикалық қаскүнемдікке шақыратын дәйексіз, арандатушылық ақпарат екендігін ресми түрде хабарлайды» дейді редакциямызға хат жолдаған Ұлттық Банкі Атырау филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің жетекші маман-экономисі Махамбет Маденов. Одан әрі хабарламада былай делінген: «Біз қазақстандықтарға мынадай өтінішпен жүгінеміз: аудиохабарларда дауысты таныған жағдайда біздермен +7 727 2704 591 нөмірі бойынша байланысу қажет.

- Ұлттық Банктің әлеуметтік желілеріндегі ресми беттеріндегі дайректте:

Facebook - https://www.facebook.com/nationalbankkz/ https://www.facebook.com/ulttykbanki/

Instagram -https://www.instagram.com/national_bank_of_kazakhstan/

- NBK Online – халықпен өзара іс-қимылға арналған құрал - http://nbkonline.nationalbank.kz/kz

Сондай-ақ маман-экономист Қазақстан Ұлттық Банкі көрінеу жалған ақпараттың авторлары мен таратушыларын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарына жүгінгендігін айтады.

Қысқасы, қапа болмаңыз, теңге - орнында. Ал, WhatsApp-тан келген хабарға алдымен тексеріп алмай, сене салмаңыз.

Серікбол БЕРІКБАЙ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521