«Теңіз» қалашығында жезөкшелікпен айналысатын притондар болған ба?

«Теңіз» қалашығы аумағындағы оқиға жөнінде әркім әртүрлі ақпарат айтып жүр.

Тіпті, онда бұған дейін жезөкшелікпен айналысуға арналған бірнеше притонның болғандығы туралы, заң орындары ол топтың қылмысын әшкерелей бастағанын жарыса жариялаған кей басылымдар елді шулатып та үлгерді.

Ал, енді сенімді ақпарат көзіне құлақ түріңіз. Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдай жайында былай деп хабар таратады: «Орын алған оқиғадан соң «Теңіз» қалашығы аумағында қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілген жоқ. Түсіндірме жұмыстары жүргізілді, қазіргі уақытта жағдай тұрақты.

ҚР ҚК-нің 293 «Бұзақылық» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаға қатысты адамдарды анықтауға бағытталған кешенді жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде».

Редакциямызға жолданған хатта сондай-ақ, «Whatsapp» және әлеуметтік желілерде тараған «Теңіз» вахталық қалашығында жезөкшелікпен айналысуға арналған бірнеше притонның анықталғаны туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігі айтылған.

«Атырау облысы Полиция департаменті арандатуға бой алдырмауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға кеңес береді. Аталған заңбұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген» делінген хабарламада.

С.МҰРАТХАН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521