«Теңіздегі» төбелеске тергеу жүруде. Кімдер жазаланады?

"Теңіз" кен орнындағы болған тәртіпсіздікке қатысы барлар жазаға ұшырай ма?

Вахташылардың оқиға орнында басшылыққа қойған талаптарының бірі бас көтерген азаматтардың жазаланбауы, олардың жұмыс орындарының сақталуы болатын.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Атырау облысы "Теңіз" кен орнында болған төбелеске қатысты пікірін айтты.

«BAQ.KZ» сайтының тілшісі министрдің былай дегенін жазады: "Негізі, ол жерде "адамды жарақаттау" және "бұзақылық" бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған болатын. Әрбір қылмыс бойынша қатысушылар бар. Қазір негізгі бір адам ұсталып отыр. Бұдан бөлек, тағы бірнеше күдікті бар. Олардың барлығына қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің сипаты әр адамның төбелеске қатысуына қарай анықталады".

Еске салсақ, 29 маусым күні Атырау облысындағы "Теңіз" қалашығында тəртіпсіздік орын алды. Мыңға жуық жұмысшы ереуілге шығып, оның соңы төбелеске ұласты. Бұл оқиғаға шетелдік жұмыскердің қазақ қызымен бірге түскен суреті себеп болған.

С.МҰРАТХАН

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521