Жаңа Конституция жобасын елдің даму логикасына туындаған, қоғамның бүгінгі сұранысына жауап беретін маңызды құжат деп қабылдаймын. Қазіргі кезеңде мемлекет тек басқарушы тетік емес, азаматтың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызмет көрсетуші жүйе болуы тиіс. Жоба осы ұстанымды нақтылай түсіп, адам мүддесін мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдыруға бағытталғаны байқалады.
Құжаттағы заң үстемдігін күшейту, шешім қабылдаудың ашықтығын арттыру және қоғамдық бақылауды дамытуға қатысты нормалар билік пен халық арасындағы сенімді бекіте түседі. Әсіресе әр азаматтың пікірін ескеру, жауапкершілікті бөлісу және әділеттілік қағидатын орнықтыру — қоғамдағы тұрақтылықтың басты шарты. Бұл өзгерістер тек саяси жүйені жаңарту емес, басқару мәдениетін өзгертуге ықпал етеді.
Сонымен қатар әлеуметтік теңдік, отбасы құндылықтарын қорғау, жастардың мүмкіндігін кеңейту сияқты бағыттардың қамтылуы реформаның нақты адам өміріне бағытталғанын көрсетеді. Яғни жаңа Конституция — құқықтық нормалар жиынтығы ғана емес, мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа қоғамдық келісімнің негізі.
Сондықтан жаңа Ата заңды елдің болашақ дамуына бағдар беретін, әділет пен жауапкершілікке құрылған өркениетті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды тарихи қадам деп бағалаймын.
Алмас Ахметқали,
Жеке кәсіпкер


