Теміржол билеттерінің бағасы қымбаттайды

Қазақстанда 1 наурыздан бастап теміржол билеттерінің бағасы қымбаттайды, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билеттерінің құны 7% артады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқандығын еске саламыз. «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алды. Аталмыш вагондар мына бағыттар бойынша қатынайтын жолаушылар пойыздарының құрамында бар. Олар: Алматы – Маңғыстау, Нұр-Сұлтан – Сарыағаш, Атырау – Нұр-Сұлтан, Атырау – Алматы, Нұр-Сұлтан – Арқалық, Атырау – Маңғыстау, Алматы – Жезқазған және Нұр-Сұлтан – Семей» делінген хабарламада.

Сонымен қатар биылғы жылдың 1 тоқсанында 50 жаңа вагон жеткізіледі деп күтілуде. Бұл вагондар мына бағыттар бойынша қатынайды деп жоспарлануда: Алматы – Маңғыстау, Қызылорда – Семей, Алматы – Өскемен және Нұр-Сұлтан – Семей.

24.kz

Cурет: ашық дереккөзден

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика