Теңізде түйіршіктелген күкірт өндіру зауыты іске қосылды

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) жаңа түйіршіктелген күкірт өндіру зауытын іске қосты.

Ол нысандардағы өндірілетін шамамен барлық сұйық күкіртті өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бұл өз қатарына экологиялық қауіпсіздікті жақсартып, өндірістік тәуекелдерді азайтады. Айына 40,000 тонна күкірт өндіру қуаты бар түйіршіктелген күкірт өндіретін жаңа зауыт басқа құрылғылар істен шыққан кезде күкірт өндірудің қажетті деңгейін сақтауға жағдай туғызады.

teng04

«ТШО-ның күкіртті басқару жоспары аясында жергілікті компанияның мүмкіндіктерін дамыту мақсатында, командамыз күкіртті өңдеу қуатын кеңейтетін жобаны жүзеге асырды» деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон.

Жергілікті компанияларды дамыту ТШО-ның негізгі стратегияларының бірі болып табылады, сондықтан жобаны қазақстандық компания толығымен жүзеге асырғаны және жаңа нысанның барлық мамандары жергілікті кадрлармен толықтырғаны қуантады.

Жаңа зауыт жергілікті тұрғындарға 60-тан аса жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Пандемияның қиыншылықтарына қарамастан ТШО мен «Caspian Group Construction» ЖШС-і бірігіп 2 жылдан аз уақыт арасында жабдықтарды орнату және іске қосу жұмыстарын сәтті аяқтады.

«Зауыт портативті және оңай жиналатын GXM3 қондырғысымен жабдықталған. Өндіруші әлемдегі ең жақсы технологиялар мен ресурстарды қолданып, оларды Қазақстанға жеткізді» деді Галиаскар Итишев, түйіршіктелген күкірт зауытының менеджері.

exs4

Қазақстан нарығынан басқа ТШО түйіршіктелген күкіртті Африка, Еуропа, Қытай және басқа да нарықтарына экспорттайды.

«Теңізшевройл» ЖШС баспасөз мәлімдемесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521