«Теңізшевройл» компаниясы өндірістік қызметін үзіліссіз жалғастыруда

"Қазіргі таңда «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) өзінің өндірістік қызметін үзіліссіз жалғастырып жатыр" деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ТШО компаниясының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

ТШО өндірістік қызметінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бұрынғыдай зор көңіл бөліп отыр. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын жүзеге асыру көрсеткіші 77%-ті құрайды және ТШО жобаның жүзеге асырудағы «сыни жолдың» негізгі жұмыстарын қауіпсіз орындауға бағытталған шараларды іске асыруда.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасындағы және бүкіл әлемдегі көптеген компаниялар сияқты, ТШО COVID-19 пандемиясының өндірістік қызметке әсерін барынша азайта отырып, қиын жағдайда әрекет етуге және қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін тиісті шаралар қолдануға мәжбүр.

Еске сала кетелік, бұған дейін ҚР Бас санитариялық дәрігері COVID-19 ауруының ушығуына байланысты Теңіз кенішінің жабылуы мүмкін екендігін хабарлаған еді.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521