Терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

1 қараша күні Атырау қаласы аумағында «Атырау-Антитеррор-2019» терроризмге қарсы күрес оқу-жаттығуларын өткізу жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы Орталығының эгидасы аясында облыстық және Теңіз жедел штабтарының күштерін тарту арқылы өтетін оқу-жаттығудың мақсаты мемлекеттік және құқық қорғау органдарының террористік актілердің алдын алуға бағытталған дайындықтарын тексеру болып табылады. Аталған мерзім ішінде Атырау қаласының кейбір аудандарында шектеу шаралары қолданылатын болады.

Осыған орай, облыс тұрғындары мен қонақтарын өткізіліп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауларын өтінеміз. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұралады.

Атырау облыстық терроризмге қарсы күрес

Сурет ашық дереккөзден алынды

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521