Тиімді таңдау жасау міндеті

0 votes

Парламент Сенатының депутаттары, АЭС құрылысын қолдау жөніндегі республикалық Халық штабының мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Шиелі ауданына сапары аясында өңірдің ақсақалдарымен кездесіп, атом электр стансасын салудың келешегін талқылады.

«Қазақстанның энергетика саласын дамыту шұғыл шешім¬дерді талап етіп отыр. Атом энергетикасы – елімізді энер¬гия¬мен қамтамасыз ету әрі оның экономикалық тұрақ¬тылығын қамтамасыз ету жо¬лындағы басты қадам. Қазақ¬стан¬ның дамыған елдер қа¬тарына қосылуы үшін атом электр стансасы қажет. Бүгін¬гі таңда АЭС бүкіл әлемде қар¬қын¬ды түрде пайдаланылып келеді және еліміз үшін ең жақсы нұсқаны таңдау – біздің міндетіміз», деді Н.Байқадамов.

Ардагерлер мен аудан тұрғындары Президент Жолдауында айтылған бастамаға қолдау білдіріп, өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Сенаторлар ақсақалдармен кездесуден кейін Тұран ауылдық округінің тұрғындарымен пікірлесіп, жасыл энергетиканың артықшылығы мен атом энергетикасын дамыту жоспары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ Р.Рүстемов табиғи газды жеткізудегі тұрақсыздық пен оны өндірудің қысқаруы жағдайында атом энергетикасы ел экономикасын дамытудың сенімді көзіне айналатынын жеткізді.

«Атом электр стансаларының құрылысы да жұмыс орындарын ашуға, жаңа технологияны дамытуға және еліміздің тұрақты энергетикалық болашағын қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Бұл экономиканы нығайтып қана қоймай, электр қуатының тапшылығын шешудің бір жолы болмақ», деді Р.Рүстемов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT