Қ.Тоқаев: Атыраулықтардың өмір сапасы мен табысы өсуі тиіс

Ақ Орданың ресми сайты Атырау облысына іссапармен келген Мемлекет басшысының мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, зиялық қауым, ардагерлер, кәсіподақтар мен жастар ұйымдарының өкілдері және мемлекеттік қызметшілермен кездескенін айтады.

– Атырау облысы – мәдени және адам әлеуеті мол аймақ. Өңірдің жетістіктері жергілікті халықтың өмір сүру сапасы мен табысының өсуіне ықпал етуі тиіс. Әкімдік, үкімет, бизнес – бәріміз осыған баса назар аударуымыз керек, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы өңір халқының әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге, отандық өндірушілерді дамыту үшін мұнай-газ секторының әлеуетін барынша пайдалануға көңіл бөлді. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке үш ірі жоба аясында өнімдерді сатып алу және қызмет көрсету ісіндегі отандық тауарлар мен жергілікті мамандардың үлесін көбейту, шетелдік және отандық жұмысшыларды бірдей еңбекақымен қамтамасыз ету жөнінде жүйелі жұмыс жүргізуге тапсырма берді.

p

p

p

– Азаматтарымыз сапалы білім алып, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы үшін барлық жағдайды жасауымыз керек. Отандық кәсіпкерлерге де айтарым бар. Мемлекеттің және кез-келген компанияның ең басты байлығы адам екенін ұмытпаңыздар. Бастысы – жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмысшылардың жалақысын арттыру, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті экономика саласын әртараптандыру, соның ішінде полиэтилен, полипропилен өндіру және балық шаруашылығын дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды.

– Жергілікті экономиканың мұнай-газ және мұнай-химия кешендерінен басқа да салаларын дамыту қажет. Өңірдің балық өнеркәсібін қалпына келтіру және осы секторға инвесторлар тарту керек. Қабылданған шаралардың нәтиже бермей жатқанын көріп отырмыз. Біздің азаматтар нақты істер күтеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі және әкімдік бұл мәселеге баса назар аударуы керек, – деді Мемлекет басшысы.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521