"Той өткізуге бола ма?" Бас санитар дәрігер жауап берді

Қазақстанда блок бекеттер алынып, дәмхана мен мейрамханалар ашылғанмен, әзірге той-томалақ өткізуге рұқсат берілмейді.

Бұл туралы елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өкінішке қарай, қазіргі таңда отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынған" деді Есмағамбетова тікелей эфирде. Ол дәмхана-мейрамханаларға тіпті 20-30 адам да шақыруға рұқсат болмайтынын атап өтті.

"Біз дәмханалар мен мейрамханаларды ашқан кезде, алдымен, бір мезетте 30 адамға дейін қабылдауға рұқсат еттік. Карантинді жеңілдетудің екінші кезеңінде 50 адамға дейін рұқсат берілді. Бірақ ұжымдық шараларға тыйым салдық. Қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай бізге той-томалақ, діни және отбасылық шараларды өткізуге мүмкіндік бермейді" деп түсіндірді бас санитар дәрігер.

Есмағамбетова тыйымның алынуы елдегі және әр өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты екенін айтты. Айта кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай 11 мамырда аяқталды. Бірінші маусымнан бастап өңірлер арасындағы блок бекеттер алынып, пойыздар жолға шықты. 5 маусымнан қалааралық автобустар қатынай бастайды.

sputniknews.kz

Сурет: ашық дереккөзден

COVID 19

covid

Күнтізбе

шілде 2020
ПВСЧПСВ
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21