Қ.Тоқаев: "Бұл - менің түбегейлі ұстанымым"

Президент тапсырмасы бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Д.Есин жаңа заң жобасы тұжырымын таныстырған еді.

«Біз ұсынып отырған заң жобасы – 1995 жылы Қазақстанда қабылданған заңды алмастырғалы отырған жаңа құжат. 1995 жылы баптардың форматының саны 12 болса, жаңа заңда 21 бап қарастырылып отыр. Біріншіден, бейбіт жиындардың заңнамалық базалық қағидаттарын енгізбекпіз.

Екіншіден заң жобасына анықтамалық аппарат енгізіледі. Сонымен қатар, заңда бейбіт жиынды ұйымдастырушылардың, қатысушылардың, журналистердің мәртебесі, міндеті мен құқығы айқындалады. Сондай-ақ заңға мемлекеттік органдардың құзыреті енгізіліп, бейбіт жиын өткізуге болатын орындар белгіленеді. Пикет, митинг, жиынға арнайы орындарда 250 адамнан аз халық қатысқан жағдайда – бейбіт жиынды өткізудің хабарландыру тәртібі енгізіледі" деген болатын ведомствоаралық комиссиядан кейін тілшілердің сұрағына жауап берген Данияр Есин. Вице-министрдің айтуына қарағанда, осы айтылғандармен қоса регламенттік тәртіп те енгізіледі. «Ал егер демонстрация, митинг, шеруге қатысушылардың саны 250 адамнан асса – бейбіт жиын өткізу үшін рұқсат алу керек болады. Сондай-ақ хабарландыру мен өтінімді қараудың нақты механизмі бекітіледі. Бейбіт жиын өткізудің насихат институты енгізіледі. Сондай-ақ, бейбіт жиын өткізуден бас тартылатын негіздемелердің тізімі дайындалады» деді ол.

Осыған дейін бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының тұжырымдамасы қоғам талқысына шығарылғандығын жазған болатынбыз. Айта кетейік, Президент Қ.Тоқаев 2019 жылдың қыркүйегінде халыққа жариялаған Жолдауында митингтер туралы заңнаманы жетілдіру қажеттігін атап өткен болатын. «Конституцияға сәйкес азаматтарымыздың өз ойын еркін айтуға құқығы бар.

Егер бейбіт акциялар заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс. Алайда, заңға қайшы және бұзақылық әрекеттерге шақыратын үндеулерге заң шеңберінде тосқауыл қойылады» деген еді Мемлекет басшысы. Ал 2019 жылдың желтоқсанында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында Қазақстан Президенті елімізде митингтерді ұйымдастырудың алдын ала ескерту принципін енгізу керектігін мәлімдеді. «Митингтерді ұйымдастырудың ескерту принципін енгізуге кірісу керек. Митингтерді өткізуге болады, егер де олар заңды, қоғамдық тәртіпті бұзбаса және азаматтардың тыныштығына кедергі келтірмесе. Бұл - менің түбегейлі ұстанымым» деді Қ.Тоқаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521