Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорда ресми Telegram-каналында.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевты өңір орталығы Жезқазған қаласында Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімдері Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алған. Бұл сапар барысында мемлекет басшысы Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жөніндегі жоспармен танысады.

Сондай-ақ түстен кейін президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521