Түбіртегіңізді жіберіп, ұтысқа ие бола аласыз

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы жалғастыруда.

Аталған акция басталғаннан бері 184 мыңға жуық қатысушы 14 млрд.теңге сомаға шамамен 2,0 млн. астам онлайн-БКМ чегін жіберген. Акцияға қатысушылар арасында жүлделер ұтыс ойыны күнде өткізіледі, оларға 5 000 теңгеге дейінгі мобилді телефон теңгеріміне ақшалай қаражат жіберілді, сондай-ақ онлайн-БКМ чегінде көрсетілген сомаға байланысты ұялы телефон теңгеріміне ақшалай қаражаттың 5%-іне дейін аударылады. 2020 жылдың 30 қарашасына дейін барлық жөнелтілген онлайн БКМ чектері акцияның бас жүлдесі – автомобильдің ұтыс ойынына қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл акция азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыруға бағытталған.

Роман Асқарұлы,

Исатай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маман

Сурет: ашық дереккөзден

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика