Түн жүрген жасөспірімдерге ескерту жасалды

Маусым айының 1-12 күндері аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны өткізілді.

Аталған науқанның өтуі кезінде аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі, білім беру бөлімі мен ата-аналар комитетінің, аудандық прокуратура, денсаулық сақтау салаларының өкілдері мен қызметкерлері бөлініп, мақсатты жұмыстар жүргізді. Мәселен, жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен бірігіп ауданның барлық селолық округтеріне рейдтік шаралар жүргізіліп, кәмелетке толмағандардың еңбегін заңсыз пайдалану деректерін анықтау үшін теміржол вокзалы, көлік жуу орындары, жанар-жағармай құю бекеттері, азық-түлік дүкендері, ойын-сауық мекемелерінде және букмекерлік кеңселерде, мейрамханаларда тексеріс жұмыстары ұйымдастырылды. Айта кетерлік жайт, сол шаралар барысында жұмыс жасап жүрген жасөспірімдер анықталған жоқ.

Науқан кезінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі сағат 23.00-тен таңғы сағат 06.00-ға дейін тұрғын жайдан тыс жерлерде жүргені үшін бөлімге 4 жасөспірім әкелініп, олардың ата-аналарына ҚР-сы ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды, ескерту берілді.

Аудан орталығында орналасқан барлық меншік нысандары, атап айтқанда, «Жайық» мейрамханасы, «Томирис» кафе-барларында кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалану және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта сағат 22.00-ден таңғы сағат 06.00-ға дейінгі аралықта ойын-сауық мекемелерінде жүруге болмайтындығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, басшыларына ескертілді.

Айсұлу ТЕЛЕУБАЕВА,

АПБ ЖПҚб ЮПТ-ның аға инспекторы, полиция майоры

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT