Атырау облысы ПД Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 15 сәуір сағат 11:30 шамасында «Бекіре-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілген арнайы операция нәтижесінде Атырау қаласының тұрғынының үйінен 1 тоннаға жуық (247 дана) бекіре тұқымдас балығын тәркіледі.
Аталған қылмысқа күдікті 1996 ж.т. азамат анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Сурет: ашық дереккөзден