Түрмеге заңсыз сәлемдеме өткізбек болған атыраулық азамат ұсталды

21 қыркүйек күні Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде сәлем-саухаттарды тексеру барысында қаймақтың ішіне жасырынған өзіне тән иісі бар, жасыл түсті шөп табылды.

- Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде мекемеде ҚР ҚК 99-бабы бойынша ұсталынып отырған 18 жастағы күдіктіге арналған заңсыз сәлемдеме жетпеді. Мекемеге Атырау облысы Полиция Департаментінің Жедел-тергеу тобы шақырылып, күдікті азамат ұсталды, - дейді УГ-157/1 мекемесінің күзет және режим бөлімінің бастығы Асылбек РАХМАНОВ.

24 жастағы «курьер» ұсталып, тергеу амалдары жалғасуда.

Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика