Турнирге жиналған жастар қайырымдылық жасап тарқасты

Футбол - әлемдегі нөмірі 1-ші спорт түрі. Аудан жастарының бұл спорт түріне деген қызығушылығы ерекше. Жастармен кездесе қалғанымызда, осы спорт түрінен жарыстардың жиі ұйымдастырылуын сұрайтын.

Сол себепті де аудандық Жастар ресурстық орталығы әр ауылдық округтегі спорттық шараларының келесі кезегін Х.Ерғалиев ауылында кіші аяқ доптан өткен аптада аудандық турнир ұйымдастырды. Әуелі бірер күн бұрын жеребе тартылып, 8 команда екі топқа бөлінген болатын.

futbol2

Ауа райының қолайсыздығын спортқа деген құштарлықтары жеңген жастар турнирдің алғашқы күні топтық ойындар өткізді. Топтық кезеңде әдемі командалық ойын көрсеткенімен, ұпайларының сәл айырмашылығымен Жанбай, Тұщықұдық командалары финалдық кезеңге өте алмады. Турнирдің екінші күні финалдық кезеңде кездескен «АТП жастары» мен «Аққыстау құрамасы» арасындағы ойында «Аққыстау құрамасы» жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

«Новобогат құрамасы» мен «Қамысқала жастары» арасындағы ойында соңғы минуттарда гол соғып, «Новобогат құрамасын» финалға алып шыққан Айбол Бисенбаевтың ойынын ерекше айта кеткен жөн. ІІІ орын үшін болған таласта бір доп айырмасымен «Қамысқала құрамасы» «АТП жастарын» жеңді. Турнир жанкүйерлерінің болжамы бойынша финалда кездеседі деген екі мықты «Аққыстау құрамасы» мен «Новобогат жастары» финалға лайық өнер көрсетті.

Барлық финалда екі қарсылас көп гол соқпайтынындай, бұл ойында да гол соғылмады. Команда ойыншыларының қыр-сырын білетін екі қарсылас турнир жеңімпазының тағдырын ойын соңындағы пенальти арқылы шешкен болатын.

Осылайша, бір доп айырмасымен «Аққыстау құрамасы» жеңіске жетті. Ал, турнирдің «үздік ойыншысы» номинациясын Жетпісбаев Иса жеңіп алды.

Турнир аяқтала салысымен «Аққыстау құрамасы» өздерінің ұтып алған түрлі-түсті теледидарын Аққыстау ауылының аз қамтылған отбасына сыйлағандығы туралы хабарлап, отбасының аты-жөнін айтпауды өтінді. Осындай салауатты өмір салтын ұстанған қайырымды жастарымыздың өсіп келе жатқандығы барлығына үлгі болса екен дейміз.

Осыдан-ақ жастарымыздың турнирге жүлде үшін емес, достық қарым-қатынас қалыптастыру, спортты насихаттау үшін қатысқандығы көрініп, қуантты. Әуелбаста жарыс ұйымдастырушылардың да негізгі мақсаты да осы еді.

Ұлжан Өтегенқызы,

аудандық жастар ресурстық орталығының маманы

COVID 19

covid

Күнтізбе

мамыр 2020
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21