Тұщықұдықта «Аружан» аралас дүкені ашылды

«Бастау бизнес» жобасының өткен жылғы тыңдаушысы, Тұщықұдық ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Гүлфарша Сиранова аралас дүкен ашты.

ducen02

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау облыстық филиалы арқылы қол жетімді пайызбен несие алып Тұщықұдық ауылынан «Аружан» аралас дүкенін ашып кәсіпкерлік нысандар санының артуына өз үлесін қосты. Кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер, округ әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері қатысып Гүлфаршаға бастаған ісіне сәттілік тілеп, ең бастысы тұрғындарға азық-түліктер бағасын қолжетімді бағамен сатуын сұрады.

duc02

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT