Ауыл аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша көрсеткіштер ауылдық округтер бойынша жүргізілген мониторинг негізінде жасақталатыны белгілі.
Оның өткен жылғы қорытындысына көз салсақ, біраз жайтқа қанығуға болар еді. Мәселен, кімге, неге қажеті барын қайдам, әлеуметтік желілерде еліміз бойынша ерлер мен әйелдердің саны жөнінде біраз айтыс-тартыс орын алғаннан кейін аудандағы бұл көрсеткіш қандай екен деген қызығушылық әркімде де туындауы заңды еді. Тіпті, ауылдастардың қайсыбірі редакцияға телефон шалып, аудандағы сол цифрды білгісі де келгені бар. Жоғарыдағы мониторинг қорытындысына үңілген біз одан: «Жалпы халық санының ішінде ерлер саны - 14207 (50,6 %), 2016 жылмен салыстырғанда 126 адамға өсім, әйелдер саны - 13863 (49,4 %) 2016 жылмен салыстырғанда 27 адамға өсім» барлығын білдік. Бізге «әттеген-ай» дегізгені есепті кезеңде ауданымыз бойынша туу көрсеткішінің төмендеп кетіп отырғаны болды. Мониторинг мәліметіне сүйенсек, 2017 жылы 544 бала дүниеге келіпті. Ал оның алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 591 болған екен. Сөйтіп, өткен жылы бала туу көрсеткіші 2016 жылмен салыстырғанда 47 балаға, 2015 жылмен салыстырғанда 76 балаға кеміп кетулі.
Жоламан Дәулетияр