banner_damu

Туыстардың нөмірінен алаяқтар қалай телефон шалады?

Алаяқтар Caller ID арқылы туыстардың нөмірінен қоңырау шалып, ақша сұрауы мүмкін.

«ИТ-Резерв» компаниясының серіктесі әрі директоры Павел Мясоедов алаяқтар телефонға келген қоңырау кезінде нөмірді лезде ауыстыруды үйренгенін айтты, деп хабарлайды «Прайм» агенттігі.

Алаяқтар банктердің ресми телефонынан қоңырау шалатынына етіміз әбден үйренді. Алайда қазір олар адамдарды алдаудың жаңа әдісін ойлап тапты.

Енді қаскөйлер сіздің жеке нөміріңізден туысқандарыңызға хабарласып, тіпті deep fake технологиясының көмегімен сіздің даусыңызды пайдалануы мүмкін, деді сарапшы.

«Осылайша алаяқтарға жақындарыңыздан материалдық көмек сұрау немесе заңға қайшы әрекеттерге итермелеу әлдеқайда оңайға соғады», – деді Мясоедов.

Маманның айтуынша, технологиялық тұрғыдан телефон нөмірін ауыстыру қиын емес. Ұялы байланыс бойынша қоңыраудың ерекше идентификаторы ауыстырылады. Ол Caller ID деп аталады.

Sputnik.kz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика