Атыраудағы облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті УГ-157/11 (әйелдер колониясы) түзеу мекемесімен «Қақпа алдында кездесу» жобасын өткізілді.
Сотталған азаматтарды қайта жұмысқа орналастыру жобасы аясында «Қақпа алдында кездесу» жобасының маңызы зор. Түзеу колониясында жазасын өтеп шыққан соң қайда барады? Бұл сұрақтың мекемеден босатылған соң қойылды.
«Қақпа алдында кездесу» жобасының мақсаты - сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу, қылмыстың қайталануын алдын алу. Түзету мекемесінен шыққан адамдардың келелі мәселелерін анықтау және шешу жобасына жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметі және пробация қызметінің өкілдері қатысты. Жоба аясында әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмегін алу, құқықтық көмек, құжаттарын қайта қалпына келтіру және тағы басқа сұрақтары бойынша түсінік жұмыстарын жүргізіп, жазасын өтеп шыққан азаматшаның келелі мәселері бойынша бағыттады.
Тоғыз жылға сотталып, алты жылын өтеп, үлгілі тәртібі үшін, Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған «Светлана» өзінің бостандыққа шыққаныма өте қуаныштымын. Жан тербенісімді айтып жеткізу қиын. Өзіммен бірге жазасын өтеп жатырғандарға да ертерек отбасына қауышуды тілеймін. Сонымен қатар мекемемен атқарылып жатырған жоба аясында өзіме керекті мәліметтерді алып, алдағы уақытта тиісінше пайдаланатынын айтып, ризашылығын білдірді.
Гулмира МИЛКИМБАЕВА,
Атыраудағы облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті
УГ-157/11 мекемесінің еңбекке тұрмысқа
орналастыру тобының аға инспекторы
87781176014